429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында суға шомылуға әзірге рұқсат берілмейді

  • 362
  • UPD: 19:57, 27.05.2020
Маңғыстау облысында суға шомылуға әзірге рұқсат берілмейді

Маңғыстау облысында Каспийге шомылуға әзірге рұқсат берілмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Суға түсу маусымының қашан басталары аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыс әкімі Серікбай Тұрымов мәлімдеді. Қазір аймақта күн сайын қауіпті індетті жұқтырған 4-5 адам тіркелуде. Бүгінге дейін Маңғыстауда 176 адамнан вирус анықталса, соның 40 проценті Бейнеу ауданының тұрғындары. Осы Бейнеу ауданы мен Ақтау, Жаңаөзен қалаларында карантин режимі толығымен алынған жоқ. Жаңаөзен мен Бейнеу аудандарындағы блок-посттар тәулік бойы жұмыс істеуде. Мәдени-спорттық шараларды, отбасылық той-жиындарды өткізуге қатаң тыйым салынады. Мейрамхана, тойханалар, кинотеатрлар мен балалар аттракциондары жабық тұр. Тек осы аптадан бастап бірқатар кәсіпкерлік нысандарының жұмысына рұқсат берілді.

Серікбай Трұмов, облыс әкімі:

– Бұл жеңілдету шаралары індеттің жойылғандығын білдірмейді. Халықтың, тұрғындардың денсаулығына әлі де қауіп бар. Сондықтан күнделікті өмірде сақтық шараларын қатаң ұстанған жөн. Өздеріңіздің, жақындарыңыздың денсаулығы ең алдымен, өзіңізге байланысты және оны барлығы жауапкершілікпен сезінуі керек. Бірақ енгізілген шектеу шараларына салғырттық танытып, санитарлық талаптарды орындамай жүрген азаматтар бар. Мұндай азаматтарға тиісті әкімшілік шара қолданылуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы