420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлы ақынның мерейтойына арналған бейнероликтер байқауы қорытындыланды

  • 428
  • UPD: 18:12, 27.05.2020

Ақын Абайдың 175 жылдығы тақырыбына арналған бейнероликтер байқауы бүгін өз мәресіне жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырған халықаралық конкурста бас жүлде аталған жоғары оқу орнының «Жаздым үлгі жастарға бермек үшін» атты жұмысына тағайындалды. Ал 1-орын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Білімді жастар - ел болашағы» атты бейнебаянының авторларына бұйырды. Екінші орыннан Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің студенттері көрінді. Жалпы үздік үштікке тағы 4 видеотуынды енді. Комиссия мүшелері 20-дан астам жұмысты көріп шығып, өзге де аталымдар бойынша марапат тағайындады. «Журналистика және саясаттану факультетінің 10 жылдығына орай өткізілген сайыстың ауқымы келер жылы кеңейе түспек», – дейді университет ұжымы.

Қайрат Сақ, Л. Гумилёв атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің деканы

– Бүгін сол жеңімпаздарды марапаттаймыз. Бұл жас журналистерді ізденіске түсірді. Мына қазіргі  карантин жағдайында жастарымызды шығармашылық ізденіске алып келді. Мұның барлығы қашықтан жүзеге асырылды. Және студенттеріміз, білім алушыларымыз осы роликтерді дайындау барысында өздерінің білімдері мен біліктілігін арттыруға мүмкіндік алды деп ойлаймыз. Сондықтан да барлығымыз олжалы болдық. Факультетіміздің мерейтойына жақсы тарту болды деп санаймыз.

Хабар 24 телеарнасы