418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында қоқыс полигонының көбі талапқа cай емес

  • 241
  • UPD: 23:11, 27.05.2020
Қарағанды облысында қоқыс полигонының көбі талапқа cай емес

Қарағанды облысындағы 202 қоқыс полигонының тек 24-і ғана қолданыстағы экологиялық заң талаптарына cай келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өзгелерін рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, заңдық нормалардың жетілмеуіне байланысты қиындықтар туындаған. Экологтар өз құзыретін толық жүзеге асырмай отыр дейді сала мамандары. Себебі жергілікті әкімдіктер полигондардың құжатын қалыпқа келтірмесе, қоршаған ортаны қорғаушылардың сотқа шағымданып, қоқыс төгуге толық тыйым салуға құқығы бар. Алайда экологтар мұндай қадамға барған жоқ. Осыны пайдаланған жергілікті атқарушы билік бұл мәселеге қаржы құйып, түйінін іздеуге асықпайды.

Қанат Мұсапарбеков, облыстық экологиялық департамент басшысы:

– «Ғарыш сапары» арқылы біз космостан түсірілген суреттерден санкцияланбаған жерлерге қоқыс төгудің көптеген жағдайын анықтадық. Соның салдарынан қоқыс тау болып үйіліп жатыр. Ондай рұқсат берілмеген полигондар саны былтыр 1081-ге жеткен. Біз жергілікті атқарушы орган арқылы 400-ге жуығын жойдық. Басқалары бойынша күрделі жұмыстар жалғасып жатыр. Бір ғана қоқыс полигонының тиісті құжаттарын толық рәсімдеуге шамамен 10 миллион теңгеден бастап 20 миллион теңгеге дейін қаржы керек. Әкімдіктермен бірлесіп бұл жұмыстар жалғасады.

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы