417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттің жалақыға қатысты шешімі маман тапшылығын жоюға мүмкіндік береді – дәрігер

  • 209
Президенттің жалақыға қатысты шешімі маман тапшылығын жоюға мүмкіндік береді – дәрігер

Медициналық қызметкерлердің жалақысы 2,5 есеге дейін өссе, дәрігер атаулының жұмысқа деген құлшынысы одан сайын арта түсетіні белгілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті мамандық беделіне де әсер етеді дейді өздері. Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде кәсіп иелерінің әлеуметтік мәселесіне ерекше көңіл бөлді дегенді де алға тартады. Тәжірибелі маман Абай Нұржановтың пікірінше, мұндай шешім маман тапшылығын жоюға да мүмкіндік береді. Сондай-ақ медициналық қызмет сапасын арттыруға да тікелей әсер етеді.

Абай Нұржанов, облыстық көпбейінді аурухананың бас дәрігері:

– Соңғы кезде біз байқап отырмыз. Дәрігерлердің жалақысы төмен, оны ашық айту керек. Екіншіден, халықтың арасында сенімді жоғалтып алдық. Дәрігерлердің мәртебесі төмендеп кетті. Осы тапсырмадан кейін мен ойлаймын, дәрігер боламын деген жас түлектеріміз көбейетін шығар. Жас дәрігерлеріміз өзінің істеп отырған жұмысына жауапкершілікпен қарап, науқастардың емделіп шығуына бар үлесін қосады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы