429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каспий су айлағында браконьерлер 85,6 млн теңге зиян келтірген

  • 322
  • UPD: 10:46, 28.05.2020
Каспий су айлағында браконьерлер 85,6 млн теңге зиян келтірген ҚР ҰҚК Шекара қызметі

ҰҚК Шекара қызметі 2020 жылғы 31 наурыздан бастап РФ ФҚҚ ШҚ-мен Каспий су айлағында браконьерлік әрекеттің жолын кесу және ресурстарды күзету бойынша жедел-алдын алу іс-шараларын жүзеге асыруда.

Шекара кеңістігінде 98 құқық бұзушы, оның ішінде 14 мемлекеттік шекара режимін және 71 аумақтық және ішкі су (теңіз) режимін бұзушы ұсталды.

65 жүзу құралы, 42 қозғалтқыш, 4 көлік құралы, браконьерлік аулау аспаптары: 236 шақырымнан астам ау және ілмегі бар арқан, 66 тұзақ, 55,1 мың ілгек және басқалар тәркіленді, деп хабарлайды ҰҚК Шекара қызметі.

Браконьерлік заңсыз айналымнан 763 дана (3,8 мың кг) бекіре тұқымдас, 4947 дана (2,5 мың кг) ұсақ тұқымды балық, сондай-ақ 43 итбалық алынды.

Браконьерлер келтірген зиян 85,6 млн теңгеге бағаланып отыр.

Шекара қызметінің іс-қимылы нәтижесінде табиғи тіршілік ортасына 3824 тірі балық (оның ішінде 695 бекіре тектес) және 43 итбалық жіберілді. 1,88 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

1 млрд теңгеден артық мөлшердегі экологиялық залалға жол берілмеді.

Іс-шаралар жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы