405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада дәрігерлер мен мұғалімдерге мыңға жуық баспана үлестіріледі

  • 165
  • UPD: 13:22, 28.05.2020
Елордада дәрігерлер мен мұғалімдерге мыңға жуық баспана үлестіріледі

Биыл Нұр-Сұлтан қаласының бюджеттік мекемелерінде қызмет істейтін дәрігерлер мен мұғалімдерге мыңға жуық баспана үлестіріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елорда әкімдігі мен Қазақстан ипотекалық компаниясы осындай келісімге келді. Қазір пәтерге шын мұқтаждарды іріктейтін ереже әзірленіп жатыр. Жалпы жыл соңына дейін елордада 8 мың пәтер пайдалануға беріледі. Оларды үлестіру негізінен екі бағыт бойынша жүзеге асады. Яғни жартысына жуығы жеңілдетілген несие арқылы сатылады. Ал екінші бөлігі жалға беріледі. Енді осы жалға берудің де екі түрі бар. Сатып алу құқығымен немесе сатып алу құқығынсыз. Естеріңізде болса, былтыр елордада жұмыс істейтін жас мамандарға сатып алу құқығынсыз мың пәтер жалға берілді. Бұл үрдіс биыл да жалғасады. Оған қоса, биыл әлеуметтік аз қамтылған мың отбасыға мың пәтер жалға беріледі. Сатып алу құқығынсыз әрине. Ал әкімдікке қарасты бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін дәрігерлер мен мұғалімдерге сатып алу құқғымен мың пәтер берілмек. 

Арманай Қабдешова, қалалық «Тұрғын үй қоры» КММ баспасөз хатшысы:

– Мыңға жуық пәтер беріледі. Келісімде айтылып кеткен талаптар: тұрғын үй кезегінде тұруы керек, бюджеттік қызметкер ретінде немесе басқа да санат бойынша нақты айтылмаған. Міндетті түрде білім басқармасының немесе денсаулық сақтау басқармасының әкімшілік ведомствалық мекемелерінің қызметкері болуы керек. Нақты дәрігер немесе мұғалім, методист қатыса ала ма ол жайлы нақты ереже шыққан жоқ.

Хабар 24 телеарнасы