431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Турбизнес блокпосттардың алынып тасталуын асыға күтіп отыр

  • 310
  • UPD: 14:13, 28.05.2020
Турбизнес блокпосттардың алынып тасталуын асыға күтіп отыр

Турбизнес асыға күтіп отырған шаралардың бірі - блокпосттардың алынуы.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков «Хабар 24» арнасындағы брифингте осылай деді.

«Төтенше жағдай алынып тасталғаннан кейін карантиндік шараларлардың жеңілдетіле бастады. Көптеген сала, оның ішінде туризм саласы да өз жұмысын бірте-бірте бастап жатыр. Өңірлер арасында әуе және теміржол қатынастары қайта жанданды. Дегенмен, жұмыс үшін әлі де толық мүмкіндік бермейтін бірқатар кедергі бар. Турбизнес асыға күтіп отырған жеңілдік шараларының бірі - блокпосттардың алынуы. Бұл проблема таяу уақытта өз шешімін тауып қалады. Ол үшін карантиндік шараларды бәріміз сақтауға тиіспіз», - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Атап өтуінше, Бас санитарлық дәрігердің №37 қаулысына сәйкес, туристік операторлар мен туристік агенттіктерге еңбек ұжымындағы эпидемияға қарсы режим алгоритмдерін сақтай отырып, жұмыс істеуіне рұқсат берілген. Сондай-ақ жекелеген өңірлерде қонақүй қызметін көрсете беруге болады.

«1 маусымға қарай шипажайлар, демалыс үйлері мен туристік базалар сынды туризм нысандардың жұмыс алгоритмі бекітілеті деп көзделген. Олардың жұмыс ерекшеліктеріне байланысты айрықша шарттар қарастырылады. Бұл бассейндер, жағажайлар, ойын-сауық аймақтары жұмыстарына арналған талаптар», - деді Дастан Рыспеков.

Хабар 24 телеарнасы