411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да егістік алқабының 70% игерілді

  • 129
СҚО-да егістік алқабының 70% игерілді

Ауыл шаруашылығы басқармасының соңғы мәліметіне сай қазір картоп пен кейбір көкөніс түрі егіліп бітуге жақын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көктемгі дала жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатыр. Оған ашық күн райы сеп болды дейді мамандар. Биыл диқандар 4 миллион гектардан астам жерге дән сіңірмек. Агроқұрылымдар арзандатылған жанар-жағармаймен толық қамтылған. Сонымен қатар оларға 130 мың тонна минералды тыңайтқыш бөлінді. Облыста жыл сайын егін шаруашылығын әртараптандырып, майлы дақылдар көлемі ұлғайтылып жатыр.

Қуандық Шақыбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Биыл 1 млн гектар жерге майлы дақылдар егіледі. Оның үстіне 5 мыңға қарақұмық көбейтіледі. Ол біздің облысқа да жетеді. Басқа облыстарға да сатуға да болады.

Хабар 24 телеарнасы