412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жас мамандарды ынталандырса, олар шалғай ауылдарға барудан қашпайды – ұстаз

  • 143
  • UPD: 15:26, 28.05.2020
Жас мамандарды ынталандырса, олар шалғай ауылдарға барудан қашпайды – ұстаз

Ауыл мен қала мектептеріндегі білім деңгейін теңестіру үшін ең әуелі білікті мамандарды ауылға көптеп тарту керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жас мамандарды жақсылап ынталандырса, шалғайдағы елді мекендерге барудан ешқайсысы қашпайды дейді Қарағандыдағы мектептің директоры Нұрғазы Өтебаев. Сондай-ақ ол білім алшақтығын жою үшін жылдамдығы жоғары интернет желісін тартып, ауыл балаларының кез-келген ғылыми ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету керек деп санайды.

Нұрғазы Өтебаев, мектеп директоры:

– Бұл мәселелерді шешу үшін әрине ауылға барып, мұғалімдік қызмет еткісі келетін жастарды ынталандыру керек. Ол үшін олардың жалақысын өсіріп, қазіргі таңда міне, стипендиялар көтерілмекші. Жергілікті билік сол мұғалім болып барған жастарға жағдай жасап, баспанамен қамтамасыз етсе, ауыл мектептерінде білім сапасы едәуір көтеріледі және қала мектептерімен теңеседі деген үміттемін.

Хабар 24 телеарнасы