418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қапшағай су қоймасында екі азамат құтқарылды

  • 187
  • UPD: 15:05, 28.05.2020
Қапшағай су қоймасында екі азамат құтқарылды taldykorgan-online.kz

Алматы облысының ТЖД-не Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында екі адамды қайықпен жағадан алысқа желмен алып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында аз уақыттың ішінде суда апатқа ұшырағандар жағадан сегіз шақырым жерден табылды және қауіпсіз жерге жеткізілді, деп хабарлайды Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарылғандар Қапшағай қаласының тұрғындары – 1995 және 1997 жылы туған. Олар Қапшағайда достарымен демалыста болған.

Көмек туралы белгі олардың таныстарынан келіп түсті.

Алматы облысы ТЖД азаматтарды сақ болуға және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Суға шығар алдында ауа райы жағдайымен танысып, құтқару кеудешелерін кию керектігін ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы