432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде әртүрлі сала бойынша 230 үздік маман іріктеліп алынды

  • 314
  • UPD: 17:38, 28.05.2020
Елімізде әртүрлі сала бойынша 230 үздік маман іріктеліп алынды

Елімізде көшбасшы болатын мамандар таңдалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы күні 230 маман арнайы іріктеуден өткен. Сынаққа ұзын-ырғасы 3 мың адам қатысқан екен. Сыннан сүрінбей өткендерін енді білім беру саласына, геологиялық барлау жұмыстарына, сауда және логистикаға жұмылдыру көзделіп отыр. Іріктелген мамандардың көбі өзге елдерде білім алған. Жақында көшбасшылық қабілеттерін шыңдау үшін арнайы тренингтен өтеді. Үкімет басшысы Асқар Мамин осы жұмыстарды ұйымдастырған комитет отырысын өткізді. Қазір олар салалық менеджерлерді дайындап жатыр. Бағдарламаның жүзеге асуына Тұңғыш Президент – Елбасы қоры ұйытқы болды.

Хабар 24 телеарнасы