418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы «Нұрбесік» тұрғындарының мәселесі қашан шешіледі?

  • 213
  • UPD: 18:31, 28.05.2020

Елордадағы 200-ге жуық үй «аспанда қалықтап тұр». Көктал тұрғын алабының жұрты осылай дабыл қағып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені баспаналарын барлық талапқа сай салып, құжаттарын қолдарына алған. Бірақ ол орналасқан жерді заңдастыра алмай әлек. Жағдайдың сиырқұйымшақтанғаны соншалық, шешілмей келе жатқанына бірнеше жыл болған. Әкімнен де, басқадан да әбден көңілі қалған жұрттың жанайқайын арна тілшісі Аслан Қаженов тыңдап қайтты. 

Ералы Даниярұлы, жергілікті тұрғын:

- Күрделі мәселе – 2007 жылы бүкіл елден көшіп келген қандастарымызға жер берген. «Жер сендерге, үйді өз күштеріңмен саалыңдар, құрып біткенде құжаттарды береміз» деген. 13 жыл болды. Әлі бірде-бір құжат жоқ. Енді құжат жоқ болғаннан кейін бұнда 800-ге жуық адам бар, 300-ге жуық балалар бар. Олар балабақшаға тіркеле алмайды. Өйткені үйдің құжаты жоқ. Мектепке де барып тіркеле алмайды. Емханаларға да тіркеле алмайды.

Раушан Қалидоллақызы, жергілікті тұрғын:

- Біз міне, үйімізді бітіргеннен кейін 70 үй құжат өткіздік. Бізге қандай жауап келді дейсіздер ғой. «Сіздер бұл үйдің құқығын ақшаға сатып аласыздар» деп жатыр. Жалға. Өз атымызға да емес. Біздің атымызға түсіріп бермейді. Тек үй біздікі, астындағы жер Үкіметтікі деп жатыр. Ол қандай заңсыздық. Сонда Үкіметтің 10 сотық береміз деген уәдесі қайда?

Балтабек Жағыпар, жергілікті тұрғын:

- Мынау Меккенің қара тасы емес қой. Біздің үйлер жер бетінен жоғары тұратын. Астындағы жермен берілуге тиіс. Сол үшін азаматтар біраз жүгірген. Әлі бірде-бір құжат қолға тимей жатыр.

Қайрат Бодаухан, «Асар» РҚБ төрағасы:

- Яғни, бұл жерде қандай мәсмеле тұр. Әкімшіліктің жер комиссиясы дұрыс шеше алмай отыр. Енді оны талап қылса қайтеді. Бірақ Жер кодексінің 50 және 52-бабы бар. 50-бапта көрсетілген ҚР азаматтарына 10 сотық жер тегін берілуге тиісті. Ол кодексті әкім жасаған жоқ. Мемлекеттік заң. 52-бапта салынған үй және оның астындағы жер бір-бірінен бөлінбейді деген. Осы кодекс орындалмайды да, әкімнің шешімі жоғары тұрады.

Мәдет Әшкейұлы, жергілікті тұрғын:

- Жер иеленуге тиісті 10 сотық беруге тиісті. Бұл заңда шешілген. Қазір бізде 2,5 сотық жерге қағаз ала алмай үш жыл сандалдық. Суы жоқ, тоғы жоқ, иеленген аты жоқ. Сондықтан сізге арызданып келіп отырмыз. Осы арызымызды тез арада шешуіміз керек. Ал, егер шешпесеңіздер, басқаша шараларға барамыз.

«Нұрбесік» тұрғын үй аумағындағы жұрт өз уәждерін қағазға түсіріп, қала әкіміне, Үкімет басшысына және «Nur Otan» партиясына да жолдаған. Кейінгісі мәселенің мән-жайына үңіліп, әкім орынбасарымен кездесу ұйымдастыруға уәде берді. Жеке қабылдау 17 наурызда өтуі керек. Бірақ карантинге байланысты кейінге қалды және алдағы уақытта өтуі-өтпеуі екіталай. Ал, әкімдіктің сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының мамандары бұл жағдаймен жақсы таныс екендерін айтады. Қолданыстағы заңға сәйкес нақты 3 қадам бар. «Сол кезең-кезеңімен орындалу керек», - дейді. Ал, әкімдік тарапы үй орналасқан жерлерді тартып алуы не басқа мақсатта қолдануы  мүмкін емес екен. Оған жоғарыда айтылған Жер кодексінің 52-бабы кепілдік бола алады.

Нұрәділ Ғалымжан, қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының бас маманы:

- Бірінші, бәрі бірлестіктен басталады. Бірлестік келіп, мемлекеттен жалдау құқығын сатып алады. Бірлестік жалдау құқығын сатып алғаннан кейін оны азаматқа береді. Ол сыйға тарту не сатып алу шарты, беру шарты болуы мүмкін. Кез келген азаматтық құқықтық мәміле. Енді азамат осы шартпен бізге келіп, өз атына жалдау шартын ауыстырады. Осындай 3 қадам. Бағасына байланысты 300-350 мың дегенім, қазіргі таңда аталған 35 учаскенің 2 учаскесіне жалдау құқығы сатып алынды және азаматтарға рәсімделді.

Авторлары: Аслан Қаженов, Нұрғали Мамырбаев

Хабар 24 телеарнасы