405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәрігерлер үшін қылмыстық жазаны өзгерту жауапкершіліктен босатпайды

  • 171
  • UPD: 19:37, 28.05.2020
Дәрігерлер үшін қылмыстық жазаны өзгерту жауапкершіліктен босатпайды

Дәрігерлерге құқықтық және қаржылық қолдау көрсету медициналық қызмет сапасын көтереді.

Мұндай пікірді Денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Бақытжан Тәжібай білдірді. Оның айтуынша, дәрігерлік қателік үшін берілетін жауапкершілік әкімшілік және азаматтық құқықтық сипатта болуы керек. Мұндай тәжірибе дамыған елдерде бұрыннан бар. Ал, қылмыстық жауапкершілік қаралатын болса, дәрігер үнемі үрей үстінде жүреді. Оның үстіне медициналық қызметтің мінсіз болуы үшін емханалар заманауи құрылғылармен толық жабдықталуы шарт. Бұл дәрігерлік қателіктің санын азайтуға септігін тигізеді.

Бақытжан Тәжібай, Қазақстан денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы:

- Қазір орташа есеппен алған кезде 400-ге жуық қылмыстық қудалау болады. Оның 3-6%-і сотқа жетеді. Ал, егер статистиканы алатын болсақ, осындай бір медициналық қателікке қатысты стаистика алынған жағдайларға тыс табылған 300-ге жуық жағдай болады. Бұрынғы кеңестік мемлекеттерде жасырын түрде көбінесе соған келеді. Ал, біз енді дамыған Еуропалық елдердің жолымен жүреміз деген сөз. Президенттің бұл тапсырмасы өте орынды.

Хабар 24 телеарнасы