405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында дәрігерлерге еңбекақыны дифференциалды төлеу жүйесі қабылданған

  • 129
  • UPD: 19:46, 28.05.2020
Ақмола облысында дәрігерлерге еңбекақыны дифференциалды төлеу жүйесі қабылданған

Ақмола облысының денсаулық сақтау жүйесінде еңбекақыны дифференциалды төлеу жүйесі қабылданған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қандай да бір медицина қызметкері өзіне тиесілі жұмыстан артық жүктеме алса, сол үшін үстемақы төленеді. Нәтижесінде дәрігерлер арасында құлшыныс пайда болған. Қазір кейбір емханаларда мамандар атқарған жұмысына қарай 300 мың теңгеден астам табыс табады. Ал, медбикелері 200 мың теңгеге жуық жалақы алады. Енді Президенттің пәрменімен еңбекақы 2,5 есеге дейін көтерілетін болса, бұл медицина мамандары үшін қомақты қолдау болмақ. Тіпті жылдар бойғы кадр тапшылығы да шешілуі мүмкін.

Сүлен Ілиясов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Бізге биыл 100 шақты жас маман келеді. Оларды баспанамен қамтамасыз ету үшін Көкшетау қаласында 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Аудандарда да дәрігерлерге пәтер беру тапсырылды. Сондықтан осының бәрі медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерге алаңдамай, тұрақты жұмыс істеуіне сеп болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы