405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан аумағының 40%-іне аса қауіпті инфекциялар таралған

  • 129
  • UPD: 19:53, 28.05.2020
Қазақстан аумағының 40%-іне аса қауіпті инфекциялар таралған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық кеңестің онлайн отырысында жыл соңына дейін Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігі туралы заңды қабылдау керектігін айтты.

Президенттің бұл ұсынысын Алматыдағы Мақсұт Айқымбаев атындағы ғылыми орталықтың мамандары бірауыздан қолдап отыр.

«Қазақстан аумағының 40%-іне аса қауіпті инфекциялар таралған. Біздің ішкі және сыртқы қауіпсіздігіміз қай деңгейде екенін COVID-19 көрсетіп берді. Қауіпті індет елімізге тез жайылды. Сондықтан бұл заң біз үшін ауадай қажет» - дейді. Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы COVID-19 ауруына қарсы 50 мың тест жүйесін жасап шығарды. Қазіргі таңда бұл тестілер Алматы мен елорданың ғылыми орталықтарына жеткізілді. Оның сезімталдығы жоғары бағаланып отыр.

Тоқтасын Ерубаев, Аса қауіпті инфекциялар ұлттық орталығының бас директоры:

- Біздің ғылыми орталықтардың ғалымдары жаңа мына вакцина шығаруға қатысуға дайындалып жатыр. Біздің шығаратын вакцинамыз ол нановакцина болып табылады Және екінші жағынан бұл интернозальды, ол жаңағы тамызу арқылы болады. Сондықтан да осы вакцинаны жасауға тек біз ғана емес, біз Қазақтың аграрлық ұлттық университетімен бірігіп жасап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы