405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында 89 жастағы кейуана коронавирустан емделіп шықты

  • 107
  • UPD: 21:50, 28.05.2020

1931 жылы дүниеге келген Күмісхан Оразақынова бұл індетті Кеген аудандық ауруханасына емделуге барып, сол жердегі дәрігерлерден жұқтырып алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 4 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға жатқызылады. «Пациент ауруханаға түскен кезде жағдайы орташа ауыр болды. Жас ерекшелігін ескере отырып, оны реанимация бөліміне орналастырдық. Өйткені қан қысымының жоғарылығы кез келген ауруды асқындыруы мүмкін еді. Сондықтан қатаң бақылауда ұстадық», - дейді дәрігерлер. Кейін кейуананың 3 немересі коронавирус инфекциясын жұқтырып алғаны анықталды. Олар қазір Қарасай аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Ал Күмісхан Оразақынова ауруынан толық айығып, туған ауылы Кегенге оралды.

Алмагүл Асқарқызы, дәрігер-инфекционист:

- 14 күн бойы ем-шаралар клиникалық протоколдарға сәйкес жалғастырылып, 15-күні COVID-19 ПЦР анализі оң нәтиже көрсеткендіктен, ары қарай 5 күнге ем-шараларды жалғастырдық. Одан кейінгі екі реттік ПЦР талдауының теріс нәтижесімен жалпы киника-лабораториялық көрсеткіштердің дұрысталуымен қазіргі уақытта сауығып, ауруханадан шығарылды.

Күмісхан Оразақынова, Кеген ауданының тұрғыны:

- Осы Шелектегі ауруханада жатып, сексен тоғыздамын, жақсы болып шығып жатырмын. Бәрі жақсы қарады. Өз үйімдегі балаларымнан артық қарады. Уақытымен тамағымды іштім, уақытымен жаттым. Кіріме дейін жуды. Оларға рахметімді айтамын. Дендері сау болсын!

Хабар 24 телеарнасы