411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғандық әскерилер дезинфекциялау жұмыстарын қайта қолға алды

  • 120
  • UPD: 21:37, 28.05.2020

Қорғаныс министрлігінің нұсқауымен бүгіннен бастап еліміздегі бірқатар қалаларда дезинфекциялау шарасы қайтадан қолға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай жұмыстар карантин жағдайындағы Талдықорғанда да қызу жүріп жатыр. Алматы облысының орталығында коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар саны қазір 69-ға жетті. Талдықорғанда 800-ге жуық көп қабатты тұрғын үй бар. Олардың барлығы натрий гипохлоритімен зарарсыздандырылады. Бұл жұмыстарға Талдықорған әскери гарнизонының 45 қызметшісі мен екі техникасы жұмылдырылды. Коммуналдық кәсіпорындар 5 арнайы техника берді. Талдықорғандағы жаппай зарарсыздандыру шарасы 14 күннің ішінде аяқталуы тиіс.

Сержан Құрманбай, қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

- Бұған дейін әскери қызметкерлермен бірлесіп, үш рет дезинфекция жұмыстары жасалынған. Қазіргі таңда сол жұмыс жандандырып, жалғасын табуда. 28 мамыр күніне бізге «9-алаң» мен «Шығыс» шағын ауданының көп қабатты тұрғын үйлерін дезинфекциялау жоспарланған.

Рамазан Бағаналиев, 18404 әскери бөлімінің қызметкері, лейтенант:

- Әскери бөлім командирінің шешімімен бүгіннен бастап Талдықорған қаласын зарарсыздандыруға кірістік. Түске дейін 39 үйді және кіреберістерді бітірдік. Түстен кейінгі жоспар бойынша 40 үйді бітіруіміз тиіс.

Хабар 24 телеарнасы