420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Былтыр бюджетке түскен салықтың 80%-тен астамы электронды түрде төленген

  • 319
  • UPD: 20:54, 28.05.2020
Былтыр бюджетке түскен салықтың 80%-тен астамы электронды түрде төленген

Ал, биыл елімізде бұл көрсеткішті 90%-ке дейін жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мамаев осылай деді. 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап жеке тұлғалар мүлік, жер және көлік салығын бірқатар портал мен телефон қосымшаларының көмегімен төлей алады. Қазір салықтың төленгені жөніндегі ақпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесіне екінші деңгейлі банктерден 2 минуттың ішінде түседі. Бұған дейін бұл процесске 2-3 күн жұмсалатын.

Талғат Мамаев, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:

- Осы көрсеткішке қол жеткізу үшін МКК бюджетке салық төлеудің ыңғайлы әрі қарапайым сервистерін қосты. Бұл сервистер – салық пен әлеуметтік төлемдерді төлеу, берешек сомасы, алдағы төлемдер және салық әмияны. Бұл сервистер әртүрлі интернет агрегаторлардың алаңдарында пайдаланылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы