433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында коммуналдық қызмет төлемдері өтеле бастады

  • 447
  • UPD: 21:01, 28.05.2020
Қостанай облысында коммуналдық қызмет төлемдері өтеле бастады inform.kz

Бұл мақсатқа 1,5 миллиард теңге бөлініп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Call-орталықтарға 30 мыңнан аса қоңыраулар түскен. Оның жартысы мақұлданған. Мамандар өтінімдерді маусым айының соңына дейін қабылдайды. Мемлекет облыс тұрғындарының шығынын сәуір, мамыр және маусым айы үшін төлейді. 15 мың теңге басқа әлеуметтік төлемдер сияқты тұрғындардың емес, бірден коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелердің есепшотына аударылады.

Дәурен Асқаров, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:

- Коммуналдық қызмет төлемі туралы түбіртектегі сома 15 мыңнан кем болса, төлем келесі айға шегеріледі. Бір бөлігі өтелген бойынша сома түбіртекте көрсетіледі. Бұның бәрі кезең-кезеңімен іске асады. Себебі тізімдегі адамдар саны көп. Өңдеуге шамамен 3 күндей уақыт қажет.

Хабар 24 телеарнасы