411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда санитарлық талапқа салғырт қараған 130 мекемеге ескерту жасалды

  • 208
  • UPD: 22:12, 28.05.2020
Алматыда санитарлық талапқа салғырт қараған 130 мекемеге ескерту жасалды

Алматыда жалпыға ортақ сақтық ережелерін елемей, санитарлық талапқа салғырт қараған кәсіпкерлік нысандар қайта жабылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін мониторингтік топ көпшілік жиналатын орындарды тексеруге кірісті. Олар Жетісу ауданында орналасқан бірқатар сауда-саттық және қоғамдық тамақтану орындарын аралады. Құрылыс заттары дүкеніндегі кассада адамдар арасындағы әлеуметтік арақашықтық сақталмаған. Дәмханаға келушілердің дене қызуын тескеретін құрал істен шыққан. Бетперде кию де қадағаланбайды. Осындай кемшіліктер анықталған мекемелерге арнайы акт құжаты толтырылды. Қалада коронавирус жұқтыру дерегі әлі бәсеңсіген жоқ.

Игорь Ли, Жетісу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет басқармасы басшысының орынбасары:

- Кемшіліктер анықталған жағдайда фото мен бейнеге түсіріп, арнайы құжат толтырамыз. Ескерту алған кәсіпкерлік нысанда кемшіліктер қайталанатын болса, әкімшілік жаза қолданылып, айыппұл салынады. Жалпы бұған дейін ауданда 450 мекеме тексеріліп, 130-іне қатаң ескерту жасалды.

Хабар 24 телеарнасы