418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруда олқылық бар – Қ.Көшербаев

  • 176
  • UPD: 22:30, 28.05.2020
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруда олқылық бар – Қ.Көшербаев

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруда бірқатар министрлік олқылыққа жол берген.

Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың жетекшілігімен өткен Президент жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Жоспардың кей тармағы толық және уақытылы орындалмаған. Бұл ретте ведомстволарға ескерту жасалады. Мемлекеттік органдар жемқорлықты талдауға қатысты жұмысты да сылбыр жүргізген. Соңғы 4 жылда мемлекеттік ұйымдар мен ұлттық компаниялар 10 мыңнан аса талдау жасаған. Нәтижесінде жемқорлықтың алғышарттарын жою бойынша тек 175 ұсыныс жасалыпты.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Бұған дейін жемқорлыққа қарсы агенттік соңғы бір жылда сәтімен іске асқан жобалардың қорытындысы бойынша баяндама дайындаған еді. Нәтижесінде Қазақстанның рейтінгісі жақсарды. Дегенмен, жемқорлықпен күрес қоғамдағы басты мәселенің бірі боп қалып отыр. Сондықтан аралық мерзім бойынша қорытынды шығару аса маңызды.

Хабар 24 телеарнасы