405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да коронавирустың таралуы тежелер емес

  • 138
  • UPD: 22:38, 28.05.2020
БҚО-да коронавирустың таралуы тежелер емес inform.kz

Батыс Қазақстан облысында індеттің таралуы тежелер емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір өңірде COVID-19-ға шалдыққандар саны 493-ке жетті. Бұрын коронавирус Ресей елі мен «Теңіз» кенішінен оралғандардан және медицина қызметкерлерінен ғана шықса, енді жергілікті тұрғындар да індетке шалдыққан. Соңғы тәулікте өңірде анықталған 21 сырқаттың екеуі ғана шеттен келгендер. Бұған дейін Сырым және Жәнібек аудандарындағы Борсы, Қамысты ауылдары оқшауланса, бүгіннен бастап Тасқала ауданының орталығында да блок-бекеттер қойылып, карантин жарияланды. Аталған ауылда індетке шалдыққандар саны 19-ға жеткен. Орал қаласында уақытша жабылған 4 емхана қайта ашылды. Есесіне №6 емхананың зертхана бөлімі жұмысын уақытша тоқтатты. Мамандар індеттің таралуы тежелмесе, шектеу шаралары күшейтілуі мүмкін екенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы