424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Жансақтау бөлімінің дәрігері жағдайды баяндады

  • 589
  • UPD: 23:25, 28.05.2020
COVID-19: Жансақтау бөлімінің дәрігері жағдайды баяндады

Қауіпті вируспен күресіп жатқан дәрігерлер қазіргі жағдайды жұртшылыққа жария етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар коронавирус жұқтырып, дерт дендеген тұрғындардың емделіп жатқан орнын көрсетті. Елордалық жұқпалы аурулар орталығының жансақтау бөлімінде түсірілген мына видеода дәрігер науқастарға қатысты жайды баяндайды. Дәрігердің айтуынша, жансақтау бөлімі 20 орынға лайықталған. Қазіргі таңда халдері өте ауыр науқастар осында жатыр. Олар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Араларында бүйрегіне зақым келген емделушілер бар.

Иван Вахрушев, қалалық жұқпалы аурулар орталығы жансақтау бөлімінің меңгерушісі:

Бұл науқастардың халі ауыр. Беті бері қараған емделушілер де бар. Бірнешеуін басқа бөлімге ауыстырдық. Жалпы қазіргі жағдай қиын. Дерт ағзаны тез дендейді. Алдымен аурудың белгісі білінбеуі мүмкін. Оның арты ауыр пневмонияға ұласады. Тыныс алу қиындай түседі. Осыдан өкпені жасанды түрде желдету қажеттігі туындайды.

Хабар 24 телеарнасы