412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтау маңында ашылатын қонақ үйде үш күн демалу 256 мың теңге тұрады

  • 142
  • UPD: 23:27, 28.05.2020
Ақтау маңында ашылатын қонақ үйде үш күн демалу 256 мың теңге тұрады

Шілде айында Ақтаудан 19 шақырым қашықта салынып жатқан жаңа қонақ үй ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Каспий жағасында бой көтерген туристік кешен аумағы 130 гектар. 60 млрд теңге инвестиция тартылған жобаның құрылысына екі мың жұмысшы тартылды. Қазіргі уақытта нысан маңына экзотикалық жасыл желекті отырғызу аяқталды. Мұнда еліміз бойынша ең үлкен аквапарк пен жылытылатын теңіз суы құйылған зәулім бассейн де болады. Қонақ үйде үш күн аялдау құны 256 мың теңге тұрады. Бұл сомаға әуе билеті мен асханада тегін тамақтану кіреді. Туристердің келуіне қарай бастапқы баға кейін өзгеруі де мүмкін.

 

Хабар 24 телеарнасы