419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да жазғы лагерьлер жақын арада ашылмайды

  • 413
  • UPD: 08:12, 29.05.2020
БҚО-да жазғы лагерьлер жақын арада ашылмайды

Батыс Қазақстан облысындағы жазғы-сауықтыру лагерьлері биыл оқушыларды қабылдай қоюы екіталай, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені аурудың таралу өсімі 2% төмен болғанда ғана аталған нысандардың қызметіне рұқсат етілмек. Ал індет өңірде өршіп барады. Күні бүгінге  дейін облыста 493 жағдай тіркелген. Соның ішінде 14 жасқа дейінгі 25 бала науқастаныпты. Соңғы тәулікте 22 тұрғынның вирус жұқтырғаны анықталды. Өсім 4,2%. Осы аптада бұл көрсеткіш 9% дейін күрт көтерілген кезі де болған. Оның үстіне 20 жазғы демалыс орнының 7-і провизорлық госпиталь ретінде резервке алынса, 2-інде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қалғаны да тиісті талаптарға толық сай емес дейді мамандар

Руслан Шазадаев, тауаралар мен көрсетілетін қызмет қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Былтыр жазғы сауықтыру орындарының қызметінде кемшілік көп болды. Санитарлық-техникалық жағдайы, сумен қамту, тамақтану, кәріз жүйелері талаптарға сай келмеуіне байланысты. Сондықтан осы олқылықтардың орнын толтырмайынша, тиісті қорытынды берілмейді. Әрі коронавирус індеті күшейіп тұрған қазіргі кезде лагерьлер туралы сөз қозғауға ерте деп білемін.

Хабар 24 телеарнасы