420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбелік дәрігерлер Президент бастамасын зор қуанышпен қарсы алды

  • 293
  • UPD: 08:12, 29.05.2020
Ақтөбелік дәрігерлер Президент бастамасын зор қуанышпен қарсы алды

Дәрігер мәртебесін арттыруға олардың жалақысын көтеру тікелей мұрындық болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемді жайлаған қатерлі дертпен күресте алғы шепке шыққан жандарға жан-жақты қолдау жасалуы керек. Сонда ғана білікті мамандардың саны артып, тұтқиылдан келген індетке кез келген уақытта төтеп беруге болады. Бұл орайда ел Президентінің бастамасын ақтөбелік медицина саласы өкілдері қуанышпен қарсы алды. Себебі өңірге бүгіннің өзінде 60-тан астам дәрігер қажет. Бірінші кезекте жалпы тәжірибелі дәрігерлер, педиатрлар мен эндокринолог, анестезиолог пен реаниматолог мамандар таптырмайды. Пандемия белең алған сәттен 30-ға жуық эпидемиолог маманның қажет екендігі белгілі болды. Ал облыстағы медицина мекемелерінде еңбек ететін әрбір ақ халатты жан 1700-ге жуық емделушіні қабылдауға мәжбүр. Айлығы шайлығына жетпейтін кәсіпке жастардың қызығушылығы төмен.

Зәмза Хайруллина, Ақтөбе медицина орталығының бөлім меңгерушісі:

– Қазір Мемлекет басшысымен қолға алынған дәрігер мәртебесін көтеру мәселесін өте маңызды іс деп есептеймін. Себебі соңғы уақытта бұл мамандықтың абыройы құлдырап кетті айтсам болады. Сондықтан еңбегіне сай жалақы алған азамат қана бірінші кезекте өзін-өзі, содан кейін қоғам да оны сыйлайтын болады. Өкінішке қарай, бүгін осындай жағдай қалыптасып отыр.

Хабар 24 телеарнасы