428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Педагог мамандығына түсу талабын күшейту керек

  • 245
  • UPD: 08:14, 29.05.2020
Сарапшы: Педагог мамандығына түсу талабын күшейту керек

Педагогтарды дайындауды сапалы жолға қою керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін бірінші кезекте ұстаздықты таңдаған талапкерлерге қойылатын талапты күшейту керек, дейді қостанайлық педагогтар. Сондай-ақ мамандар Мемлекет басшысының мұғалім мерейін көтеріп, мәртебесін үстем ету мақсатындағы міндеттері білім беру ісіне оң септігін тигізеді деген пікірде.

Қамар Ахат, педагогика колледжінің мұғалімі:

– Қазір мынандай пікір бар, мысалы, басқа оқуға түспесем, осы педагогикаға бара салам деген. Осындай пікірден арылу үшін ең алдымен, педагогикалық мамандыққа түсетін талапты күшейту керек. Екіншіден, мынау емтихан кезінде тек қана балдық жүйе де емес, олармен пікір-талас, кеңестер өткізіліп тұрса, сонда біз келген студенттердің, олардың сөйлеу мәдениетін, ойын жеткізе білуін қадағалар едік.

Хабар 24 телеарнасы