412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантин қазақстандықтардың шетелге көшуін баяулатты

  • 165
  • UPD: 12:08, 29.05.2020
Карантин қазақстандықтардың шетелге көшуін баяулатты

Карантин Қазақстан халқының эмиграциясын баяулатты. 2020 жылдың бірінші тоқсанында қоныс аударғандардың саны 12 пайызға қысқарды, деп хабарлайды finprom.kz.

«Биылғы қаңтар-наурыз аралығында елден 7,3 мың адам кетіп, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,1 пайызға аз болды. Сонымен қатар 2020 жылдың аталған кезеңінде Қазақстанға келгендердің саны 34,4 пайызға артып, 4,3 мың адамды құрады», - делінді ақпаратта.

Өңірлер бойынша елден қоныс аударғандардың көбісі Шығыс Қазақстан облысынан тіркелді, яғни 1,2 мың адам болды. Қостанай облысынан 917 адам, Павлодар облысынан 857 адам тұрғылықты жерін ауыстырды, сондай-ақ Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш сәйкесінше 830 және 728 адамды құрады. Олардың көбісі Ресейге барған (6,4 мың адам), ал Германияға - 456 адам, Өзбекстанға 115 адам қоныс аударған. Бұл тұрғыда ТОП-5 елдің қатарына АҚШ (106 адам) пен Беларусь (51 адам) енді.

Хабар 24 телеарнасы