429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға барлық шектеулер алынып тасталады

  • 371
  • UPD: 12:08, 29.05.2020
Ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға барлық шектеулер алынып тасталады agrovesti.net

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға шектеулерді алып тастау туралы бұйрыққа қол қойды.

Яғни биылғы 1 маусымынан бастап ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға барлық шектеулер алынып тасталады.

«ҚР Ауыл шаруашылығы мнистрлігінде ведомство басшысы бұйрықтарының әрекетін тоқтататын 2020 жылдың 2 сәуіріндегі №111 «Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды шығарудың кейбір мәселелері туралы» және 2020 жылдың 2 сәуіріндегі №123 «ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарына өзгертулер енгізу туралы», 2020 жылдың 14 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды шығарудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік құқықтық акт әзірленді», – делінген министрлік таратқан мәліметте.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуіне және Мемлекет басшысының ішкі нарықта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жетіспеушілігін болдырмау туралы бұйрығына байланысты, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік қауіпсіздігі себептері бойынша және егін жинау алдында жеткілікті қорды сақтау мақсатында ауылшаруашылық экспортын уақытша реттеуді енгізген болатын.

Хабар 24 телеарнасы