423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда жолдарды жаңғыртуға 10 млрд теңге бөлінді

  • 290
  • UPD: 13:35, 29.05.2020

Атыраудағы орталық көшелер мен қала маңындағы ауылдық округтердегі жолдарды жаңғыртуға және кеңейтуге жергілікті бюджеттен 10 миллиард теңге бөлінеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдегі 450 жұмыссыз азамат жол құрылысы жұмыстарына тартылмақ. Жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Биыл Атыраудағы жолдарды қайта жаңарту мен кеңейтуге 10 миллиард теңге бөлінді. Жергілікті билік Атырау қаласы мен ауылдық округтердегі жолдарды жаңғыртуды жоспарлап отыр. Жол салу жұмыстары бойынша ауқымды жобаға 450 жұмыссыз азамат тартылмақ.

Қайрат Оразбаев, қала әкімі:

– Бейбарыс даңғылын қайта жаңарту, Маденов көшесі, Габдиев көшесі, Амандосов көшелері, бұлардың бәрі кеңейтін жолдар. Оның үстіне Жаңаталаптан жол салынып жатыр. Жалпы, бұл жолдардың негізгі мақсаты – көліктің жүруін жеңілдету.

11орталық көшені кеңейту жобасының екінші кезеңінде жаңа аялдамалар, қоғамдық дәретханалар, велосипед жолдары мен полиция пункттерін салу жоспарланып отыр. Жұмысшылар  қазір Ғабдиев көшесі мен Бейбарыс даңғылындағы жолдың ескі жабынын бұзды. Жолдар айтарлықтай кең және қауіпсіз болмақ.

Ермек Халидуллин, жоба жетекшісі:

– Жалпы, жол 9-дан 14 метрге кеңейтіледі. Жолдың екі жағынан ені 1,5-2 метр болатын тротуарлар салынады. Сондай-ақ, 4 дана автобус павильоны орналастырылады. Қазір жер төсемі мен монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Асланбек Шығыров, тілші:

– Өз әріптестерінің салғырттығынан болған олқылықтарды бүгінде жол құрылысшылары ретке келтіріп жатыр. Мысалы, шаһардағы «Нұрсая» секілді жаңа шағын аудандарда автобустарды есепке алмағанда, қарсы келген қос көлік жолға сыймайтын. Жол сапасын арттыру, кептелісті азайту және көлік оқиғасын болдырмау – жол құрылысшыларының жаз бойғы басты міндеті.

Авторлары: Асланбек Шығыров, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы