425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда тәртіп сақшылары жүргізушілерге медициналық маска таратты

  • 399
  • UPD: 15:50, 29.05.2020
Атырауда тәртіп сақшылары жүргізушілерге медициналық маска таратты

Атыраулық полицейлер 200-ден астам медициналық  маска таратты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшылары көлік жүргізушілеріне карантиндік режимді сақтау және жолаушыларды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құқық қорғау органының мамандары пандемия кезінде сақтықты күшейтудің маңыздылығын айтты. Игі бастама тек қалада ғана емес, аудандарда да өткізіледі. Оған өңірдің барлық полиция қызметкері қатысады. Бұл акция осыған дейін сәуір айында да ұйымдастырылған.

Гүлназира Мұхтарова, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

– Аталмыш акцияның өтуі бірінші рет емес, бұдан бұрын да полиция қызметкерлері  100-ден астам жүргізушіге бет перде таратқан болатын. Мақсаты, тұрғындар арасында карантин режимін сақтап, өзінің де, өзгелердің де денсаулықтарына қауіп-қатер төндірмеуді ескерту.

 

Хабар 24 телеарнасы