432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада алаяқтық азаймай тұр

  • 421
  • UPD: 15:48, 29.05.2020
Елордада алаяқтық азаймай тұр

Соңғы төрт айдың өзінде  мыңнан астам оқиға тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан 1300-ге жуық адам зардап шегіп, 3 млрд теңгеге  жуық қаржылай шығын келген. Полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желілердегі жарнамаға сеніп, сан соғып қалып жатқандар көп. Мәселен, тек қана интернет алаяқтыққа қатысты 500-ге тарта қылмыстық  іс тіркеліпті.  Ал ғаламтордағы алаяқты табудың өз қиындықтары бар. Мәселен, интернет-дүкендер  әлемнің кез келген елінде виртуалды тіркелуі мүмкін. Көбіне  оларды анықтауға мүмкіндік бола бермейді.  Ондайлар ең алдымен ақшаны алып алу үшін  қитұрқы әрекеттерге барады.  Қаржылық пирамидада дәл солай. Алаяқтар халықты оңай олжа табуға болады деп сендіреді.

Дмитрий Демидов, қалалық ІІД криминалдық полиция бастығы:

– Қазіргі уақытта қаржылық пирамидаға қатысты  4 іс қаралып жатыр. Одан өзге бұған дейін белгілі болған «Естет Ломбард», «Гарант 24», «Выгодный займға» қатысты ірі қаржылық пирамидалар бойынша қылмыстық істер тергеп-тексерілуде. Сондай-ақ бізде «Котел» , «Успешные деньги» деген ойындар мен қаржылық пирамидаларға алданған тұрғындардың өтініштері да бар. Ал,  WhatsApp мессенджерінде «Реальные доходы-1» және «Реальные доходы-2» тобы қаржылық пирамидасын құрған тұлғаларға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.  Тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы