420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде шегірткемен күреске 1 млрд теңге бөлінді   

  • 299
  • UPD: 15:48, 29.05.2020
Елімізде шегірткемен күреске 1 млрд теңге бөлінді   

Биыл елімізде 554 мың гектар жерде шегіртке таралуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, Батыс Қазақстан, Ақтөбе  және Шығыс Қазақстан облыстарында  шегірткемен күреске ерекше ден қойылады. Жалпы, зиянкестермен күреске республикалық бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінген. Қаражат пестициттер алып, ауыл шаруашылығы алаңдарына химиялық өңдеу жасауға мүмкіндік береді. Бұл туралы онлайн брифингте ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Алмабек Марсұлы мәлімдеді. Үйірлі шегірткеге қарсы шаралар әр облыста жүргізіледі. Ол үшін аймақтарда жедел штаб пен арнайы монитронг топтар құрылған. Ал көрші Ресей, Қытай, Өзбекстан  елдерімен шекаралас аймақтарда зиянкестерді анықтау үшін бірлескен зерттеу жүргізіледі.  Айта кетейік, БҰҰ болжамына сай шегірткенің таралуынан көптеген аймақта аштық болады. Әсіресе, Африка, Ауғанстан, Пәкістан елдерінде зиянкестер биыл көп болады деп күтілуде.  

Алмабек Марсұлы, ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы:

– Шегірткелердің ошақтарын анықтау үшін 570 автокөлік, GPS навигатор, планшеттер пайдаланылады. 1200 тексеруші тартылып, 38 миллион гектар зерттеледі.

Сонымен қатар, министрлік тез бұзылатын өнімдерге фито-санитарлық сертификаттар беру мерзімін қысқартқанын хабарлады.  Жаңа ережеге сай, өтініш түскеннен кейін үш сағат ішінде фито-санитарлық сертификат берілуі тиіс. Тез бұзылатын өнімдерді тіркеу демалыс күндерінде де жүргізіледі.  Бұл ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын қолдау мақсатында ұйымдастырылған. Бүгінгі таңда Түркістан облысы Мақтарал ауданында тез бұзылатын тауар тасымалдайтын жүк көліктерін тіркейтін бақылау бекеті жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, Шымкент қаласына кіре берісте де фито-санитарлық сертификат беретін логистикалық бекет орналасқан.

 

Хабар 24 телеарнасы