411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайдағы бірқатар демалыс орны карантин талаптарын сақтамай отыр

  • 145
  • UPD: 21:07, 29.05.2020
Қостанайдағы бірқатар демалыс орны карантин талаптарын сақтамай отыр

Қызметкерлер мен келушілер бетперде тақпай, жайбарақат жүре береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай заң бұзушылықтар кезекті кешкі рейд барысында анықталды. Бүгінде арнайы мониторингтік топ күнделікті дәмханалар, дүкендер мен автобустарда тексеру шараларын өткізді. Осы апта ішінде облыс аумағында карантиндік ережелерді бұзудың 200-ден аса дерегі тіркелді. 300-ге жуық кәсіпкерге айыппұл салынды.   

Илона Тимошенко, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі:

– Демалыс базасы заңсыз жұмыс істеген. Біз келгенде сауна жұмыс істеп тұрды. Қазір біз Карбышев көшесі бойындағы көлік жуу нысанында тұрмыз. Оның қожайыны бас дәрігер нұсқаулығын өрескел бұзып отыр.

Хабар 24 телеарнасы