405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да фототұзақтың көмегімен бағалы балық аулаған браконьерлер ұсталды

  • 110
  • UPD: 21:12, 29.05.2020

Шығыстағы ұлттық және мемлекеттік табиғи қорықтарға қойылған фототұзақтардың септігі тиіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жуырда Марқакөл қорығында бағалы майқан балығын заңсыз аулап жүрген жергілікті екі тұрғын осы құрылғының арқасында ұсталды. Балық уылдырық шашатын кезде қорықта еш рұқсатыз браконьерлікпен айналысқандар фототұзаққа ілінген. Қорықшылар қондырғыдағы жазбалар арқылы күдіктілердің әрекетін полицияға хабарлады. Бірден іздестірудің нәтижесінде заңсыз балық аулағандар анықталып, іс сотқа жетті. Қорықшылардың айтуынша, фото-видео тұзақтардың пайдасы өте мол. Ол қандай аң мен құстың түрі бар екенін анықтауға септігін тигізеді. Бірнеше жыл бұрын Қатонқарағай ұлттық паркіндегі биік тауларды мекендейтін ілбістің бейнесі фототұзаққа түскен. Биыл осы қорықта өте сирек кездесетін жыртқыш аң – құнудың да бар екені анықталды. Қазір Марқакөл қорығында 19 фототұзақ қойылған.

Тимур Әйкенов, Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директоры

– Екі азамат біз қойған фототұзаққа түсіп қалған. Түн кезінде олар заңсыз балық аулаумен айналысқан. Содан тиісті құжаттар жиналып, ҚР Әкімшілік Кодексінің 383-бабының 3-тармағы негізінде әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданып, кеше онлайн сот болып, тиісті жазаларын алды.

Хабар 24 телеарнасы