418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аида Балаева БАҚ өкілдерімен кездесті

  • 210
  • UPD: 18:52, 29.05.2020
Аида Балаева БАҚ өкілдерімен кездесті

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның кезекті қоғамдық қабылдауы болып өтті, деп хабарлайды министрліктің Telegram каналы.

Қоғамдық қабылдауға еліміздегі бірнеше мемлекеттік емес БАҚ жетекшілері қатысып, ой-пікірлерін, ұсыныс-тілектерін ортаға салды.

Мәселен, «Домбыра», «Туризм КЗ» және Turkway телеарналарының басшылары тақырыптық, жекеменшік арналарды да дамыту және оларға мемлекеттік қолдау қажеттілігін сөз етсе, жекеменшік басылым жетекшісі Мейрамкүл Рахымбаева қазақ тіліндегі баспасөзді дамыту және тарату мәселесі бойынша өз ойларын жеткізді. Министр болса өз кезегінде бұл мәселелерді жақсы білетіндігін және министрлік тарапынан жоспарлы түрде іс-шаралар атқарылып жатқандығын тілге тиек етті.

Хабар 24 телеарнасы