405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда қоғамдық орындарды залалсыздандыру жұмыстары қайта басталды

  • 152
Алматыда қоғамдық орындарды залалсыздандыру жұмыстары қайта басталды

Алматыда көшелерді, ғимараттарды және қоғамдық орындарды дезинфекциялау қайта қолға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жұмысқа Қарулы күштердің 150-ден астам әскери қызметкері тартылды. Бүгін емханалар, ауруханалар мен бірнеше шипажай натрий гипохлориті ерітіндісімен зарарсыздандырылды. Бұл қоспа адамдар мен жануарларға қауіпті емес. Дезинфекциялау жұмысына 30-дан астам әскери қызметші мен 10 әскери техника жұмылдырылды.

Талғат Әбішев, радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты оқу-жаттығу орталығының станция бастығы:

–  Карантин шараларының жеңілдеуіне, бұзылуына байланысты адам қарасы көп. Сондықтан залалсыздандыру жұмыстары өте мұқият жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы