405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте қоғамдық көлік қызметі жақсарады

  • 140
  • UPD: 21:36, 29.05.2020

Шымкент қаласында қоғамдық көлік қызметін жақсартудың кешенді бағдарламасы қабылданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді жуық арада автобус паркі толық жаңартылып, қалаішілік маршруттар өзгереді. Олар жаппай электронды билетке көшеді. Жаңа жүйеде тағы қандай жаңалық бар?

Миллионнан астам халқы бар Шымкент қаласында күн сайын 1200 автобус жолға шығады. Өкінішке қарай, бұл қоғамдық көліктердің көпшілігі бүгінде әбден тозған. Жаңарту қажет. Әлеуметтік сауалнамаға қатысқан шаһардағы әрбір үшінші тұрғынның тілегі де сол.

Мақсұт Исахов, қала әкімінің орынбасары:

– Жасаған жаңа жүйемізде, егер біз оны іске асыратын болсақ, онда қаламызда 3 жылдан аса қолданыстағы автобустар жүрмеу керек, жаңа автобустар болу керек.

Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін барлық жүргізуші арнайы оқу курсынан өтпек. Кондукторлар жұмысы да қатаң бақылауда болады дейді жоба жетекшілері. Сонымен қатар жүйесіз жасалған автобус маршруттары өзгертіліп, жаңа бағыттар пайда болмақ.

Мақсұт Исахов, қала әкімінің орынбасары:

– Бүкіл маршрут өзгереді. Біздің жаңа жүйеміздегі 78 маршруттың бәрін біз қазір электронды құралдар арқылы саламыз.

1 шілдеден бастап қалада электронды билет жүйесі іске қосылады. Транспорттық картаның құны – бар болғаны 500 теңге. Ал түрлі категориядағы 14 мың адамға тегін берілмек. Айта кету керек, жол ақысын ұялы телефон арқылы да төлеуге болады.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Аслан Демесбаев

Хабар 24 телеарнасы