405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда туристердің салғырттығынан өрт деректері көбейген

  • 148
Алматыда туристердің салғырттығынан өрт деректері көбейген Vesti.Ru

Карантин кезінде әбден зеріккен халық тауға шығып, таза ауада серуендеп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ демалушылар өрт қауіпсіздігін сақтамай отыр. Бүгін Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері тауда рейд жүргізді. Демалушылар көбінесе кіші Алматы мен Медеу шатқалдарына барады. Қазір күн ысып, өрт қаупі күшейіп тұр. Соған қарамастан адамдар от жағып, кәуап пісіруге әуес. Мамыр айының басында рұқсат етілмеген жерлерде 20 өрт ошағы анықталған. Басты себеп – туристердің салғырттығы, кез келген жерге сіріңкені немесе темекі тұқылын өшірмей қалдырып кетуі. Рейд кезінде рұқсатсыз демалуға келген бір топ жас әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Рейд өкілдері тұрғындарға өрт қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатынын ескертті. Бұл – 55560 теңге.

Ерлан Құрманбаев, Медеу аудандық ТЖБ бас маманы:

– Ауданда 40-тан аса құрғақ шөптің жану фактілері тіркелді. Сонымен қатар өрт кезеңі басталғалы бері 7 әкімшілік хаттама толтырылды.

Хабар 24 телеарнасы