405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы компаниялардың бірі жедел жәрдем көлігін сыйлады

  • 142
  • UPD: 10:46, 30.05.2020
Алматы облысындағы компаниялардың бірі жедел жәрдем көлігін сыйлады

Жетісу өңіріндегі холдингтік компаниялардың бірі «Біз біргеміз!» акциясы аясында Алматы облыстық жедел жәрдем станциясына реанимобиль сыйлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы үлгідегі медициналық қондырғылармен жабдықталған су жаңа көлік жедел жәрдем қызметі үшін ауадай қажет. Өйткені 121 бригада қызмет көрсететін облыстық жедел жәрдем станциясына бүгінде 100 шақты көлік жетіспейді. Бұл мәселені алдағы уақытта автолизинг жүйесімен және жергілікті бюджет есебінен шешу жолдары қарастырылуда. «Ал бүгін кілті қолымызға тиген реанимобильді санавиация қызметіне беруді жөн көріп отырмыз. Қазір онда 6 желдел жәрдем көлігі, «АН-2» ұшағы мен бір тікұшағымыз бар» дейді мамандар.

Қанат Қалдыбаев, облыстық жедел жәрдем станциясының директоры:

- Бұл көліктің бізге үлкен қызмет жасайтынына сенімдіміз. Себебі біз оны Санитарлық авиацияға береміз. Санитарлық авиация осы күнге дейін ғана 885 шақырту жасапты. Алматы облысында ең үлкен аумақ. Сондықтан бір басынан бір басына жеткенше машина тез тозады. Сондықтан бізге, әрине, үлкен көмек болып жатыр. Біз оған қуаныштымыз.

Хабар 24 телеарнасы