422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында блок-бекеттерде қызмет еткен полицейлер марапатталды

  • 661
Түркістан облысында блок-бекеттерде қызмет еткен полицейлер марапатталды polisia.kz

1 маусымнан бастап облыстар, қалалар арасындағы блок-бекеттер алынатындығы белгілі, Polisia.kz.

Осы тұста аталмыш блок-бекеттерде өз міндеттерін мінсіз атқарған полицейлерді Түркістан облысы Полиция департаменті басшысының арнайы «Алғыс хатымен» ПД басшысының орынбасары Асылжан Қалдарбеков марапаттады. Асылжан Қалдарбеков полицейлерді марапаттау үшін арнайы Түркістан-Қызылорда тас жолы бойындағы Сауран блок-бекетіне барды. Онда облыс аумағында коронавирус індетінің таралу жолдарының алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында күшейтілген режимде қызметтік міндеттерін адал атқарғандар полицейлермен тілдесіп, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтың атынан алғысын жеткізді. Марапатқа ие болған полицейлер әрқашан халық үшін қызмет етуге дайын екендіктерін жеткізді.

ТО ПД ЖПҚ ППБ инспекторы Нұрбол Кужимов: – Осы екі айдан астам уақыт ішінде күні-түні қызмет атқардық. Күшейтілген режимде жұмыс істеу оңай емес. Дегенмен тұрғындардың амандығы, қоғамдық қауіпсіздіктің сақталуы жолында шаршамаймыз. Бұл біздің міндетіміз екенін түсіне отырып, мінсіз қызмет атқаруға барымызды салдық. Сол себепті біздің еңбегімізді елеп-ескеріп, марапаттап отырғандарыңызға рахмет. Одан бөлек осы екі ай блок-бекетте атқарған қызметіміз үшін қосымша сыйақыда берілді. Барлығы үшін Министрлікке, ПД басшылығына ризамыз -деп атап өтті. Түркістан облысында Төтенше жағдай жарияланғаннан бастап 100-ге жуық блок-бекеттер қойылған болатын. Онда 1500-ге жуық тәртіп сақшылары қызмет етті. Төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін облыста сегіз блок-бекет қалған болатын. Сонымен қатар, коронавирусқа қарсы ұйымдастырылған іс-шараларға жұмылдырылған 1409 қызметкер ақшалай сыйақымен қамтамасыз етілген.

Хабар 24 телеарнасы