418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні: Қарағандыда виртуалды көрме өтіп жатыр

  • 186
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні: Қарағандыда виртуалды көрме өтіп жатыр

Қарағандыдағы бейнелеу өнері музейінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, ауқымды виртуалды көрме өтуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда еңбекпен түзеу лагерлерінде болған тұтқындардың қолынан шыққан 1200-ден астам туынды қойылған. Алтын қорда сақталған әр картинаның мағынасы мен бояуы зұлмат кезеңнен сыр шертеді. Тұтқындардың көпшілігі кәсіби суретші болмаса да, қылқаламның құдіретімен сол жылдардың қасіретін шебер суреттеген. Арасында саяси тапсырыс ықпалымен салынған дүниелер де бар. Көрменің виртуалды көрсетілімін музейдің әлеуметтік желідегі парақшаларынан тамашалауға болады.

Назерке Жартын, музейдің ғылыми қызметкері:

– Өкінішке орай, биыл еліміздегі жағдайға байланысты музей көрермендер үшін жабық. Дегенмен біз өзіміздің көрермендерімізді виртуалды экскурсиялармен қуантып отырмыз. 31 мамырға дейін жеті күн бойы жеті түрлі туындыны виртуалды түрде әңгімелеп отырамыз. Ол біздің әлеуметтік желілерімізде және музейдің сайтында жарияланып отыр, күн сайын бір-бір виртуалды экскурсия.

Хабар 24 телеарнасы