405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында әжелер жастарға киіз басуды онлайн режимде үйретті

  • 144
  • UPD: 15:10, 31.05.2020
Жамбыл облысында әжелер жастарға киіз басуды онлайн режимде үйретті

Жуалы ауданындағы ерекше шара әлеуметтік желі арқылы таратылып, үлкен қолдау тапқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кету керек, дәріс «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жылда дәстүрлі түрде өткізіледі. Бірақ биыл карантинге байланысты қашықтан ұйымдастырылған. Төтенше жағдай кезінде өңірде бағдарлама аясында 650-ден астам іс-шара өткізілген. Бұл жобалар карантинге байланысты онлайн режимде жүзеге асырылып, 350 мыңнан астам адам қамтылды.

Зарина Қуаттегі, облыстық рухани жаңғыру жобалық кеңсесінің басшысы:

– Олардың ішінде Ұлы Абайдың 175 жылдығы, Эрмитаж музейіне саяхат, экономикалық дағдарыс кезеңінен шығуға бағытталған халықаралық конференция және интернет психологиясы тақырыбында бук челлендждер өтті. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Жамбыл облысы республикада көш бастап тұр. 9 арнайы жоба бойынша жоғары көрсеткіш көрсетсек. Төрт арнайы жоба бойынша орта деңгейдеміз.

Хабар 24 телеарнасы