418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент бастамасымен құрылатын комиссия құрамында заңгерлер болуы тиіс – тарихшы

  • 206
  • UPD: 15:46, 31.05.2020

Президенттің бастамасымен құрылатын мемлекеттік комиссия құрамында заңгерлер мен құқықтанушылар болуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар саяси репрессия құрбандарын ақтау шараларына атсалысар еді. Тарихшы Радик Темірғалиев осылай дейді. Оның айтуынша, саяси-қуғын сүргін құрбандарының ісі көбінде бұрмаланып, іске қатысы жоқ қылмыстық баппен жаза кесілген.

Радик Темірғалиев, тарихшы:

– Қылмыстық істердің бәрін қайта қарау керек. Себебі олардың ісі әдейі бүркемеленіп, саяси қылмыс түріне жатқызылмаған. Көбін кеңес үкіметіне қарсы әрекеті үшін емес, басқа бір қылмыстық іспен соттап жіберген. Қылмыстық істердің қалай жүргенін, қалай оларды азаптап, жасамаған ісін мойындатқанын біз білеміз. Қанша адам азапқа шыдамай, істемеген қылмысын мойнына алды. Немесе, басқа адамның ісіне куәлік етті. Ал ол кезде «мойындаймын» деген сөз болса, басқа дәлел іздемейтін.

Хабар 24 телеарнасы