418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін түнде Алматыдағы бақылау бекеттері ашылады

  • 232
  • UPD: 17:52, 31.05.2020
Бүгін түнде Алматыдағы бақылау бекеттері ашылады

Бүгін түнгі 00:00-де Алматыдағы бақылау бекеттері де түгелдей ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда екі жарым ай дамылсыз жұмыс істеген полицейлерге бүгін қала басшылығы арнайы барып алғыс айтты. Қалада 4373 полиция қызметкері бір айлық жалақы көлемінде ақшалай сыйақы алды. Тағы 200-ден астамы министрлік пен әкімшіліктің арнайы мақтау қағаздарына ие болды. Жалпы Төтенше жағдай жарияланғалы Алматының 27 бақылау бекетінде 700-ден астам полиция қызметкері, медицина және Ұлттық гвардия мен Қорғаныс министрлігінің сарбаздары қызмет етті.

Талғат Мейірбеков, ПД Жедел басқару орталығының ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы:

- Жалпы карантиннің кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ. Бүгін сағат 00:00-ден блок-бекеттер шешіледі қала бойынша, қала аумағы бойынша. Барлық полиция қызметкерлері штаттық режимге жұмыс істеуге ауыстырылады. Адал қызмет атқарғандары үшін қызметкерлердің барлығы тиісінше марапатталды.

Хабар 24 телеарнасы