418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантин кезінде Қазақстанда 400-ге жуық тоқсауыл бекеті жұмыс істеді

  • 204
  • UPD: 19:38, 31.05.2020

Ертең елдегі бақылау бекеттері алынып, жолдар ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін 2 жарым ай бойы күні-түні дамыл таппаған мамандар соңғы кезекшілігін атқарып жатыр.

Нұршапағат Несіпбаев, тілші:

- Бұл – Қарағанды тас жолының бойында орналасқан тосқауыл бекеті. Ертең ел бойынша бірқатар шектеулер алынады. Әзірге мұндағы жұмыс бұрынғы тәртіппен жүріп жатыр. Яғни бекетте әдеттегідей медицина қызметкері, әкімдік және полиция өкілдері өз қызметін атқарып тұр.

Бұл қызметкерлердің күні-түні үй көрмей, мұндағы тәртіпті жіті назарда ұстағаны белгілі. Бүгін бекет жұмысының соңғы күнінде алғы шепте жүрген мамандардың еңбегі еленді. Олар қалалық полиция департаментінің бастығының алғыс хатына ие болды. Айта кетейік, карантин кезінде Қазақстанда 400-ге жуық тоқсауыл бекеті жұмыс істесе, ондағы сақтық шараларын ұзын саны 52 мың адам қадағалады.

Ертең бірқатар қалааралық тосқауыл бекеттері алынады. Алайда, бұл емін-еркін жүру дегенді білдірмейді. Сақтық шаралары әлі де ескеріледі. 

Оқшаулау кезеңінде өткізу бекеттерінде 3 миллион 200 көлік пен 5 миллион жолаушы тексеріліпті. Ал, тосқауыл бекеттері бүгін түнгі сағат 00:00-ден бастап алына бастайды.

Авторы: Нұршапағат Несіпбаев

Хабар 24 телеарнасы