Ертеңнен бастап осы елорда маңындағы елді мекендерге қоғамдық көлік жүре бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Автобустар таңғы сағат 06:00-ден түнгі 22:00-ге дейін қатынайды. Қоғамдық көліктер толық зарарсыздандырылады. Ал жүргізушілерге қойылатын басты талап – бетперде тағып, қолғап киіп отыруы тиіс. Жолаушылар да автобусқа медициналық маскасыз міне алмайды. Жол ақысын қолма-қол төлеуге болмайды. Ереженің сақталуын көліктік бақылау департаментінің мамандары үнемі тексеріп отырады.