427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда 1 маусымда карантин режимі аяқталады

  • 499
  • UPD: 21:34, 31.05.2020
Атырауда 1 маусымда карантин режимі аяқталады

Бақылау бекеттері Атырауда да алынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, бетперде тағу, 1,5-2 метр қашықтық сақтау секілді қауіпсіздік шаралары күшінде қалады. Ертең мұнда ірі сауда, ойын-сауық және фитнес орталықтары қалыпты жұмысына көше бастайды. Бірақ көпшілік және спорттық шараларға, отбасылық жиындар, сондай-ақ түнгі ойын-сауық нысандарының жұмысына қатысты шектеу өзгеріссіз қалады. Әуежай мен теміржол вокзалы және автобекет ашылады. Такси де жүре бастайды. Ал 3 маусымнан бастап базарлар мен азық-түліктен өзге сауда орындары да қызмет көрсете бастайды.

Амантай Жұмағалиев, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Бірақ облыс көлемінде аурушаңдық қазір соңғы уақытта шығып тұрған Жылыой ауданында карантиндік режим сақталады. Сосын Мақат ауданының Мақат поселкесінде сақталады. Енді карантиндік режимнен басқа шектеу шаралары өз күшінде барлық Атырау облысының аудандарында өз күшінде қалады.

Хабар 24 телеарнасы