412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 27 блокпосттың жұмысы тоқтатылды

  • 151
  • UPD: 10:18, 01.06.2020

Алматыда да 27 блокбекеттің жұмысы тоқтатылды.

Ұлан Нарынбек, тілші:

- Иә, жолдағы жағдай жақсы. Алматы облысы мен Алматы қаласының тұрғындары көптен күткен күнде келіп жетті. Алтын Орда базарының тұсында бұрынғыдай иін тірескен адам мен кептелісте тұрған көлік нөпірі байқалмайды. Барлығы емін-еркін кіріп, шығып жатыр. Түнгі сағат 12:00 де Алматының барлық шетіндегі блок бекеттер алынды. Түні бойы 12 эвакуатор бетон кедергілерді жинап шықты. Блок бекеттер 19 наурыздан бастап шамамен 2,5 ай жұмыс істеді.

 

Қалалық полиция департаментінің мәліметі бойынша Алматыда карантин кезеңінде 2 мың 200-ден астам төтенше жағдай ережесін бұзу фактісі анықталыпты. Олардың үштен бірі блокбекеттерде болған. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өткен күннің белгісі ретінде Алматыға кіреберістегі бағанада Сергек камерасы қалған екен. Сондықтан құрметті көлік жүргізушілері жол ережесін бұзбаңыздар.

Тағы бір айта кететін жәйт, блокбекеттер алынғанымен карантин режимі сақталады. Сондықтан қол алып амандаспағандарыңыз жөн. Және де қоғамдық орындарда, автобус ішінде маска киіп, арақашықты сақтап жүрген дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы