426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пойыздардың ресторан вагондары әзірге қызмет көрсетпейді

  • 343
  • UPD: 09:39, 01.06.2020
Пойыздардың ресторан вагондары әзірге қызмет көрсетпейді

Бұған қоса бүгін пойыздар қатынасы да жанданады. Бірақ мұнда да  санитарлық талаптар қатаң бақылауда болады.

Мәселен, теміржол вокзалдарына тек маскамен кіру керек. Ал мейрамхана вагондары әзірге қызмет көрсетпейді.

Айта кетейік, пойыз билеттері 15 мамырда сатыла бастаған еді. Оған жауапты ұлттық компания баға тұрақты болатынын жеткізді. Яғни билетті 1 ай не 1 күн бұрын алсаңыз да ақысы өспейді. Тағы бір айта кетерлігі, пойыз жолаушыларынан короновирусқа қатысты тест тапсыру міндеттелмейді және басқа аймаққа келгенде карантинге жатқызбайды.

Хабар 24 телеарнасы